«Мәңгілік сен ғана ...» Бүгін Ғ.Құрманғалиев атындағы аудандық мәдениет үйінде дәл осындай атаумен 8 наурыз - Халықаралық әйелдер күні мерекесіне арналған мерекелік іс-шара өтті.

«Мәңгілік сен ғана ...»  Бүгін Ғ.Құрманғалиев атындағы аудандық мәдениет үйінде дәл осындай атаумен 8 наурыз - Халықаралық әйелдер күні мерекесіне арналған мерекелік іс-шара өтті.

«Мәңгілік сен ғана ...»

Бүгін Ғ.Құрманғалиев атындағы аудандық мәдениет үйінде дәл осындай атаумен 8 наурыз - Халықаралық әйелдер күні мерекесіне арналған мерекелік іс-шара өтті.

Мерекелік іс-шараның ашылу салтанатында аудан басшысы Қадыржан Сүйеуғалиев нәзік жандыларды төл мерекелерімен құттықтап, биылғы «Жұмысшы мамандығы» жылы аясында бір топ ақ жаулықты әжелер мен қыз-келіншектерге алғысхат пен сыйлықтар табыстады.

Олардың қатарында: қаратөбелік Тамара Еркинова, аққозылық Мейрамгүл Омарова, ханкөлдік Гүлайым Қыдырашева, қаракөлдік Гүлжан Зейнуллина, қоскөлдік Айгүл Ысмағұл, егіндікөлдік Нұргүл Ғабдеш, сулыкөлдік Мәншүк Жанделдиева, саралжындық Сәния Есмурзина, қаратөбелік Сақыпжамал Рахметова, Алмаш Туешова, Фатима Құбашева, Жанар Абугалиева, Айнұр Төлеповалар бар.

Аудандық мәдени-демалыс орталығының көркемөнерпаздары көктемнің шуақты мерекесіне орай концерттік бағдарлама ұсынды.

Концерттік бағдарламада Р. Жұмағалиеваның орындауындағы «Ана», Байтеміровтердің орындауындағы «Мерекем сен», «Жеті әуен» воокалды аспаптар ансамблінің сүйемелдеуімен С.Байтеміровтың орындауындағы «Анаға сый», «Жеті әуен» воокалды аспаптар ансамблінің орындауындағы «Мама», «Арын» тобының орындауындағы «Ұяласың», Т.Қыдырғалиевтің орындауындағы «Төрт маусым», Н.Нұрбекқызы мен Н.Байыровтың орындауындағы «Жаным», қыздар мен жігіттердің орындауындағы «Сен сұлу» әндері шырқалып, көрермендердің ыстық ықыласына бөленді.

Концертік бағдарлама барысында Мерей Амангелді «Анасына қоңырау»- атты монологын орындаса, мәдени-демалыс орталығының жігіттері керемет көрінестер көрсетіп көрермендерге көтеріңкі көңіл сыйлады.