Зейнет жасымен құттықтады
Бүгін аудан әкімдігінің мәжіліс залында аудандық полиция бөлімінде ұзақ жылдар еңбек еткен Қаратөбе аудандық полиция бөлімінің бастығы Алмаз Елбаевтың зейнеткерлік жасқа шығуына байланысты жиын өтті.
Қиын да жауапты қызметті абыроймен атқарып келген Алмаз Амангелдіұлын аудан әкімі Қ.Сүйеуғалиев зейнет жасымен құттықтап, алғысхат табыстады.
- Сіз еңбек жолыңызды қатардағы полиция қызметкерінен бастап, басшылық лауазымға дейін жоғарылап абыройлы қызмет атқардыңыз. Қызмет аткарған уакытыңызда аудан тұрғындарының талап-тілегін уақытылы қанағаттандырып, зандылықтың сақталуы жолында нәтижелі еңбек еттіңіз. Сіздің басшылығыңызбен қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жолында көптеген жетістіктерге қол жеткізіліп, ауданымыздың құкық қорғау жүйесінде құқықтық тәртіптің нығаюына зор үлес қостыңыз.
Сізге, аудан халқының тыныштығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету жолындағы атқарған еңбегіңіз үшін шынайы алғысымды білдіремін. Бүгінгі мерейлі күнмен құттықтай келе, алдағы зейнеткерлік өміріңізде деніңізге саулық, ұзак ғұмыр, отбасыңызға бақыт пен береке тілеймін, - деп естелік сыйлық табыстады.
Жиында аудандық ақсақалдар алқасының төрағасы Мәулен Қожахметов, БҚО бойынша ерікті мүгедектер қоғамы Қаратөбе ауданы филиалының төрағасы Еркінбек Жәнібеков, әріптесі Қаратөбе ауданының полиция бөлімінің бастығының тәрбие және кадр жұмысы жөніндегі орынбасары полиция подполковнигі Айзат Серіков жылы лебізін білдіріп, қызметтегі біліктілігі, жұмысына жауапкершілігі, мінезінің ұстамдылығы турасында әңгімелеп, отбасына амандық тіледі.