Төтенше жағдайлардың алдын алу отырысы өтті 28 ақпанда аудандық төтенше жағдайлардың алдын алу және жою комиссиясының кезектен тыс отырысы өтті.

Төтенше жағдайлардың алдын алу отырысы өтті  28 ақпанда аудандық төтенше жағдайлардың алдын алу және жою комиссиясының кезектен тыс отырысы өтті.

Төтенше жағдайлардың алдын алу отырысы өтті

28 ақпанда аудандық төтенше жағдайлардың алдын алу және жою комиссиясының кезектен тыс отырысы өтті. Отырысқа комиссия мүшелері, ауылдық округ әкімдері, бөлім, мекеме басшылары қатысты.

Алдымен аудандық төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі кезекті комиссия отырысының 2025 жылғы 31 қаңтардағы №1 хаттамалық тапсырмалардың орындалуы туралы аудан әкімі аппаратының ТЖ жөніндегі бас инспектор Нұржан Сахиповтың хабарламасы тыңдалды.

Көктемгі су тасқыныңынң алдын алуға бағытталған жұмыстар бойынша хабарлама жасаған Нұржан Хамидоллаұлы:

– Көктемгі кезеңнің төтенше жағдайларының алдын алу мақсатымен елді мекеннен қар шығару, су арналарын тазарту тағы да басқа жұмыстарды ұйымдастыру бойынша округтерде тиісінше жұмыстар атқарылуда.

Тұрғын үйлерді аралап, су тасқыны туындаған кездегі іс-әрекеттер туралы түсінік беріліп, түбітектер таратылды, - дей келе аудандық маңызы бар автомобиль жолдарын бақылауға алып, ондағы су өткізгіш құбырлардың ашық күйде болуын қамтамасыз ету, су тасқынна бейім елді мекендерде азық-түлік, дәрі-дәрмек қорын жасақтауды ұйымдастыру жүмыстарына тоқталды.

Жиынды қорытындылаған аудан әкімі Қадыржан Орынбасарұлы осы салаға жауапты орынбасары Мүхтар Шайжановқа, округ әкімдері мен тиісті мекеме басшыларына көтерілген мәселелер бойынша нақты тапсырмалар берді.