
Қаратөбе ауданы әкімдігі жанындағы терроризмге қарсы комиссияның кезекті отырысы аудан әкімі Қ.Сүйеуғалиевтің төрағалығымен 2025 жылғы 27 наурыз күні өткізілді.
Комиссия отырысының күн тәртбінде аудандық білім беру бөлімі басшысының міндетін атқарушы Е.Рабаева «Кәмелетке толмағандар арасында экстремизм мен терроризмнің алдын алу жөніндегі 2024-2026 жылдарға арналған жол картасының орындалуы туралы» хабарлама жасады, Сондай-ақ Жусандой ауылдық округінің әкімі Б.Бақытжанов, Егіндікөл ауылдық округінің әкімі Е.Тналиев, Қоскөл ауылдық округінің әкімі Ә.Мусағалиевтер округ аумағындағы терроризмнің алдын алу бойынша атқарылған жұмыстар туралы хабарлама жасады.
Жиын соңында комиссия төрағасы Қ.Сүйеуғалиев тиісті мекемелерге және округ әкімдеріне тапсырмалар берді.