Аудандық сот өткен жылды қорытындыла

Аудандық сот өткен жылды қорытындыла

Аудандық сот өткен жылды қорытындылады

Қаратөбе аудандық сотында 2024 жылдың сот төрелігін жүзеге асыру барысында атқарылған жұмыстарды қорытындылаған брифинг өтті.

Брифингте Қаратөбе аудандық сотының төрағасы Арман Назаров 2024 жылда аудандық сотта атқарылған жұмыстар жөнінде баяндап берді.

Қылмыстық істер бойынша сот өндірісінде 4 тұлғаға қатысты 4 қылмыстық іс түсіп, 2-еуі қаралды, 1-қылмыстық іс Сырым аудандық сотына соттылығы бойынша жолданған. 1 қылмыстық іс мемлекеттік тілде, 1 қылмыстық іс орыс тілінде қаралған.

Қылмыстық істер бойынша 1 сотталушыға 3 жыл 6 ай бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалып, апелляциялық сатыда Үкім өзгертіліп 3 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан шектеу жазасы тағайындалды. 1 сотталушыға 3 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

2024 жылдың 12 айында қаралған 2 қылмыстық істерге апелляциялық шағым келтіріліп, 1 үкім өзгертіліп, 1 үкім өзгеріссіз қалдырылды. Қаралған қылмыстық істердің 1-еуі бойынша жеке қаулы шығарылып, орындалғаны туралы жауап түскен.

2024 жылдың 12 айында тергеу судьясымен қамаққа алу туралы 2 материал бойынша 1 тұлғаға қатысты 2 ай мерзімнен санкция берілді, 1 материал бойынша қанағаттандырусыз қалдырылды. Оларға шағым келтіріліп, сот қаулылары өзгертусіз қалдырылды. Сонымен қатар мерзімін ұзарту, алу жүргізу, тінту жүргізу туралы т.б. 59 материал түсіп, қаралды.

2024 жылдың 12 айында тағайындаған жазадан мерзімінен бұрын босату және шартты түрде соттылығын жойып, бас бостандығынан айыру жазасына ауыстыру туралы 6 материал түсіп, сотта қаралды.

Былтырғы жылдың 12 айында 2 қылмыстық іс дыбыс-бейне жазба құралын пайдаланумен қаралған.

Брифинг барысында аудандық соттың төрағасы Арман Тілектесұлы:

– 2024 жылдың 12 айында барлығы 132 талап арыз түсті. 5 талап арыз қайтарылса, 1 талап арыз қабылдаудан бас тартылды. 5 талап арыз соттылығы бойынша жолданды. 105 арыз бойынша азаматтық іс қозғалып, қазіргі уақытта 122 азаматтық іс аяқталған, оның ішінде 12 сот бұйрығы шығарылса, 75 іс бойынша соттың шешімі шығарылды, медиабелдік 38 іс бойынша шешім шығарылып, 22 азаматтық іс бойынша іс жүргізуі тоқтатылған, 8 азаматтық іс қараусыз қалдырылса, 5 азаматтық іс соттылығы бойынша жолданған, Азаматтық істер бойынша 1 жекеше қаулы шығырылып, орындалғаны туралы жауап келіп түсті.

Сондай-ақ, 2024 жылдың 12 айында 57 талап арыз жеңілдетілген жазбаша іс жүргізу тәртібімен аяқталды.

2024 жылдың 12 айында 4 іс бойынша апелляциялық шағым келтіріліп, сот шешімдері өзгеріссіз қалдырылды. 1 іс апелляциялық сатыда қаралуда. Сәйкесінше бұзылған немесе өзгертілген сот актілері жоқ.

Қаралған 122 азаматтық істің 35 дыбыс-бейне жазба құралын қолдану арқылы қаралған. Қалған 12 сот бұйрығы, 57 жеңілдетілген тәртіппен қаралғандар болып табылады, - деді.

Әкімшілік құқық бұзушылық істер бойынша 2024 жылдың 12 айы ішінде Қаратөбе аудандық сотына 171 әкімшілік іс түсіп, 149 әкімшілік іс негізінен қаралған, 22 іс біріктірілді.

Осы қаралған әкімшілік істердің 13 бойынша өндіріс тоқтатылған, оның ішінде 3-і медяция тәртібімен тоқтатылды, қалған 10 іс бойынша іс жүргізуі құқықбұзушылықтың құрамы болмауына байланысты, ескіру мерзімінің өтуіне байланысты тоқтатылды.

Қаралған 149 іс бойынша барлығы 149 тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Оның ішінде 8 ескерту, 75 айыппұл ретіндегі жаза, 50- қамау түріндегі жаза, 10 автокөлік жүргізу құқығынан айыру жазасы белгіленген болса, қосымша жаза ретінде 13 тәркілеу түріндегі жазалар қолданылған.

5 әкімшілік іс бойынша апелляциялық шағым түсті, 4 қаулы өзгеріссіз қалдырылып, апелляциялық шағым қанағаттандырусыз қалдырылды. Ал 1 іс бойынша қаулының күші жойылып, прокурордың апелляциялық шағымы ішінәра қанағаттандырылды.

Барлық қаралған 149 әкімшілік істің барлығы да дыбыс-бейне жазба құралын пайдалану арқылы қаралған.

Аудандық соттың сот мәжіліс залы жүз пайыз дыбыс-бейне жазба жазу құрылғысымен жабдықталған.

Сөзін ары қарай жалғаған аудандық сот төрағасы А.Назаров ағымдағы жылдың 12 айында сот мәжіліс залындағы дыбыс-бейне жазба жазу құрылғысының техникалық жағдайы тұрақты түрде күнделікті тексерілгенін атап өтті.

Есепті кезеңде аудандық сотпен статистикалық есеп бойынша 2 қылмыстық іс, 35 азаматтық іс, 149 әкімшілік іс дыбыс-бейне жазба жазу құрылғысын қолданумен қаралды.

Арыз-шағымдарды жеке қабылдау жалпы қабылдау кестесіне сәйкес әр аптаның сейсенбі күні жүргізіледі. Сотқа жүгіне келген тұлға өткізу пүнкітінен сот приставы арқылы жіті тексеріліп, арнайы жүрналға тіркеу жүргізілген соң, талон арқылы сот төрғасының қабылдауына кіргізіледі. Арыз-шағымдар мазмұнының басым көпшілігі азаматтық, соның ішінде неке бұзу, еңбек, жер, меншікке қатысты қарым-қатынастардағы дауларды құрайды. Қабылдау барысында сот төрағасы азаматтардың арыз-шағымдарын тыңдай отырып, оларды мазалаған сұрақ-сауалдары бойынша заңға сәйкес бағыт-бағдар беріп, түсіндірме жұмыстарын жүргізеді.

2024 жылдың 12 айында Қаратөбе аудандық сотымен азаматтардың арыз-шағымдарын қабылдау мақсатында сот төрағасымен 5 жеке қабылдау өткізілген.

Сыбайлас жемқорлық және өзге де құқық бұзушылық фактілерінің алдын алу мақсатында аудандық сотпен жылына 2 рет, яғни әр жартыжылдыққа сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет жүргізуге арналған жұмыс жоспары жасақталады. Жұмыс жоспары «Сыбайлас жемқорлық қарсы іс-қимыл туралы» 18 қараша 2015 жылғы заңын және соттың ішкі тәртіп ережесіне сәйкес құрылады.

Сыбайлас жемқорлық туралы құқық бұзушылықтың алдын-алу және ескерту, судья мен мемлекеттік қызметшілермен заңмен бекітілген шектеулер және тыйым салулардың орындалуын бақылауды ұйымдастыру мақсатында, сот төрағасы А.Т.Назаровпен ағымдағы жылдың 12 айында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің алдын-алу және жұмыс тәртібін нығайту» туралы жедел кеңестер үнемі өткізіліп келеді.