Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасы бойынша қоғамдық қабылдау жүргізілді

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасы бойынша қоғамдық қабылдау жүргізілді

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасы бойынша қоғамдық қабылдау жүргізілді

 

Қаратөбе ауданында мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасына қоғамдық бақылауды күшейту мақсатында ағымдағы жылдың 25 сәуір күні «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ-ы филиалының Қаратөбе аудандық халыққа қызмет көрсету бөлімінде Қаратөбе ауданы әкімі аппараты ұйымдастыру-бақылау бөлімінің бас инспекторы Д.Оразақаев, аудандық Қоғамдық кеңес мүшесі М.Кенжеғалиева және аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының директоры Ф.Серікованың қатысуымен мемлекеттік қызмет көрсету барысында заң талаптарының сақталуын, қызмет көрсету мерзімінің бұзылмауына және мемлекеттік қызметтердің сапалы көрсетілуі бойынша қоғамдық қабылдау жүргізілді. Қабылдау барысында қызмет алушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауаптар берілді.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге қоғамдық қабылдау жоспарға сай тоқсанына бір рет жүргізіліп келеді.