Күн тәртібінде кәмелетке толмаған мүгедектігі бар балаларға көрсетілетін көмектер, қолайсыз отбасылар есебінде тұрғандармен және әлеуметтік тұрғыдан осал отбасылармен жұмыс және олармен орын алатын жағымсыз жағдайлардың алдын алу және проблемалық мәселелері, сонымен кәмелетке толмағандардың панасыз, қараусыз қалуының алдын-алу, өмірдің қиын жағдайына тап болған балаларды анықтау, қолайсыз отбасылардың жағдайы туралы мәселелер қаралды.
Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша баяндама жасаған Қаратөбе аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Бекболат Бердіғалиев Қаратөбе ауданы бойынша есепті кезеңге кәмелет жасына толмаған мүгедектігі бар балалар, оның ішінде 7 жасқа дейінгі мүгедектігі бар балалар, бірінші топтағы, екінші топтағы, үшінші топтағы балалардың санына тоқталып өтті. Сонымен қатар ауданда жеке оқыту жоспары бойынша мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды үйде оқытуға жұмсалған әлеуметтік көмектер көрсетілгендігін, аудан аумағы полигон аймағымен шектесуіне байланысты мүгедектігі бар балаларға төленген әлеуметтік төлемдер, 30 тамыз ҚР Конститутция күніне орай 18 жасқа дейінгі мүгедектігі бар балаларға берілген әлеуметтік көмек, мүгедектігі бар балаларды емдету үшін берілген бір жолғы әлеуметтік көмектерге де тоқталып өтті.
Бөлім басшысының айтуы бойынша мүгедектігі бар адамды абилитациялаудың және оңалтудың жеке бағдарламасына сай, жеке оңалту бағдарлама негізінде мүгедектігі бар бір бала кресло-арбамен, міндетті гигиеналық құралмен 13 мүгедектігі бар балалар қамтылған. Ортопедиялық аяқ киім екі балаға алып берілген.
1 маусым балаларды қорғау күні, «Мейірбандық күндері» қайырымдылық айлығы аясында аталған категориядағы балалрды әр түрлі іс-шараларға қатыстырып, қайырымдылық көмектер ұйымдастырылатынын атап өтті.
Күн тәртібіндегі екінші мәселе бойынша сөз алған аудандық білім беру бөлімінің басшысы Берікжан Ғарапшиев «Қолайсыз отбасы» есебінде тұратын балалармен атқарылған жұмыстарға тоқталып өтті.
– Білім беру бөлімінің тарапынан «қолайсыз отбасы» есебінде тұрған ата-аналар мен балаларды қоғамға тарту, олардың өмір сүру салтын салауаттандыру, кәмелет жасына толмаған балаларға қатысты ата-аналардың жауапкершілігін түсіндіру бағытында жоспар құрылып, жұмыстар іске асуда,-деді Берікжан Ғарапшаұлы.
Осы тақырыпқа қосымша сөз алған аудандық полиция полиция бөлімінің кәмелетке толмағандар жөніндегі полиция инспекторы Айбек Бекболатұлы есепте тұрған отбасылармен ай сайын профилактикалық іс-шаралар жүргізіліп, «Жасөспірім» жедел профилактикалық іс-шарасы аясында да есепте тұрған отбасылардың тұрғылықты жеріне барып тексеру жұмыстары жүргізіп тұратындығын баяндап өтті.
– Тексеріс барысында құқық бұзушылықтар, балалар тарапынан шағымдар болған жоқ. 2024 жылдың өткен кезеңінде қолайсыз отбасы есебінде тұрған ата-аналарға қатысты әкімшілік немесе қылмыстық құқық бұзушылықтар тіркелген жоқ. Аудан бойынша әлеуметтік тұрғыдан осал отбасылармен және олармен жағымсаз жағдайлардың алдын-алу мақсатында ауылдық округі учаскелік полиция инспекторларымен бірлесіп анықтау жұмыстары жүргізілуде. Тұрмыстық зорлық-зомбылық фактілері кезінде балалардың зардап шегуі басты назарда. Алайда қазіргі уақытта балалардың жапа шегуі тіркелген жоқ. Алдағы уақытта аталмыш жұмыстар жалғасын табатын болады,-деді.
Сулыкөл ауылдық округінің әкімі Бағдат Зайнуллин округ бойынша кәмелетке толмағандардың істері мен олардың құқықтарын қорғау бағытында атқарылған жұмыстарға тоқталып өтті.
Жиын соңында комиссия төрағасы Жасұлан Кәрелұлы күн тәртібінде қаралған мәселелер бойынша тиісті сала мамандарына тапсырмалар міндеттеп, кәмелеттік жасқа толмаған балалармен атқарылатын жұмыстады босаңсытпай, үнемі бақылауда ұстау керектігін баса айтты.