Қаратөбеде қол күресінен іріктеу чемпионаты өтті

Қаратөбеде қол күресінен іріктеу чемпионаты өтті

Бүгін аудандық балалар жасөспірімдер спорт мектебінде қол күресінен (армрестлинг) 2005 -2007 ж.т,  2008-2011, 2012 жылғы туылған және одан кіші жасөспірім ұлдар мен қыздар арасында аудандық іріктеу чемпионаты өтуде.

Жарыс жасөспірімдердің спортқа қызығушылығын арттыру, салауатты өмір салтын насихаттау, қол күресін ауданымызда дамыту және кеңінен таралуына қолдау көрсету мақсатында оздырылды.

Шараның ашылу салтанатында сөз алған аудан әкімі Қ.Сүйеуғалиев спортшыларға сәттілік тілеп, қол күресі спорттына қолдау көрсетілетіндігін жеткізді.

Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы, чемпионаттың бас төрешісі Нұрхат Есенжанұлы спортшыларды сайыс ережесімен таныстырды.

Іріктеу чемпионатына 13 команда бойынша 152 спортшы қатынасу үстінде.

Жарыс жеңімпаздары ағымдағы жылдың желтоқсан айында өтетін облыстық чемпионатта ауданымыздың намысын қорғайтын болады.