Жас кәсіпкерлер үшін (29 жасқа дейін қоса алғанда) «2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба» шеңберінде жаңа бизнес – идеяларды іске асыруға арналған гранттар беру үшін өтінім қабылдау басталды.
Конкурсты ұйымдастырушы: «Батыс Қазақстан облысының кәсіпкерлік және индустриалдық-инновациялық даму басқармасы» ММ.
Конкурс нышаны: ашық конкурс.
Конкурсқа ісін жаңа бастаған жас кәсіпкер – жасы 29-ға (қоса алғанда) дейінгі, дара кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркелген мерзімі 3 жылдан аз мерзімді құрайтын кәсіпкерлер қатыса алады.
Бір кәсіпкер үшін мемлекеттік грант сомасы 5 млн теңгеге дейін.
Бизнес идеяның жаңашылдығы және жаңа жұмыс орындарын құру міндетті шарт болып табылады.
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар: ЖК тіркеу туралы анықтаманың көшірмесі, сұралған соманың 20% мөлшерінде қаржыландырылғаны туралы анықтама, «Бизнес Бастау» оқуын өткені туралы сертификат және бизнес-жоспар.
Конкурсқа қатысу үшін өтінімдер беру орны: kezekte.kz ақпараттық жүйесінің веб-порталы.
Өтінімдерді беру мерзімі: 2023 жылғы «01» қарашасынан бастап 2023 жылдың «7» қарашасына дейін.
https://www.gov.kz/memleket/entities/bko-kasipkerlik/press/news/details/644181
Толық ақпаратты «Қаратөбе ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» ММ-сінен алуға болады, тел: 31199.