Аудандық мәслихаттың 8-шақырылымының бірінші ұйымдастыру сессиясы өтті

Аудандық мәслихаттың 8-шақырылымының бірінші ұйымдастыру сессиясы өтті

Бүгін аудандық мәслихаттың 8-шақырылымының бірінші ұйымдастыру сессиясы өтті.

Алғашқы сессия жұмысын аудандық сайлау комиссиясының төрағасы Б.Жүсіпқали ашып, 2023 жылғы 19 наурызда өткен сайлаудың қорытындысын баяндап, жаңадан сайланған халық қалаулыларына депутаттық мандат пен төсбелгі тапсырды.

Сессияның күн тәртібіне сәйкес, Нұрлан Меңдешов аудандық мәслихаттың төрағасы лауазымына ұсынылып, көпшілік дауыспен сайланды.

Аудан әкімі Қадыржан Орынбасарұлы мәслихаттың 7-шақырылымының депутаттарына алғыс білдіріп, жаңа құрамды құттықтады.