Аудан әкімі аппаратының басшысы төрағалығымен жиын өтті

Аудан әкімі аппаратының басшысы төрағалығымен жиын өтті

Ағымдағы жылдың 5 қазан күні аудан әкімдігінің мәжіліс залында аудан әкімі аппаратының басшысы, Әдеп жөніндегі уәкіл А.Карменов аудан әкімі аппараты қызметкерлерінің, дербес бөлім басшыларымен қызметкерлерінің қатысуымен кеңес өткізді.

Жиында мемлекеттік органдардың орындаушылық тәртібі бойынша мәселер талқыланып, тиісті тапсырмалар берілді.

Сонымен қатар, жиын барысында хаттардың ресімделуі және сапалы орындалуы, жеке және заңды тұлғалардың өтініштері туралы аудан әкімі аппаратының құжаттамалық қамту және шаруашылық жұмыстары бөлімінің басшысы Н.Әділханов баяндама жасап, түсіндірме жұмыстарын жүргізді.