Ханкөл ауылының шекарасына белгі орнатылды

Ханкөл ауылының шекарасына белгі орнатылды

Бүгін Жусандой ауылдық округіне қарасты Ханкөл ауылы аумағындағы Самара – Шымкент автокөлік жолы бойынанда «Қаратөбе ауданы» жазуы бар арнайы белгінің ашылу салтанаты өтті.

Көз тартар белгіні «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының «Туған жер» арнайы жобасы аясында Ханкөл орта білім беретін мектебінің 2005 жылғы түлегі Асылбек Елешов орнатып, туған жеріне тарту жасады.

 Аудан атауы жазылып, эмблемасы бейнеленген белгінің ашылу салтанатында сөз алған аудан әкімі Қадыржан Сүйеуғалиев, Ханкөл ауылының тұрғыны Ғабдрахман Бисеғұлов туған жердің көркейіп, гүлденуіне өзіндік үлес қосқан меценатқа аудан, ауыл халқы атынан алғыстарын білдірді.