Қоскөл ауылдық округінде спорт алаңының ашылу салтанаты өтті

Қоскөл ауылдық округінде спорт алаңының ашылу салтанаты өтті

3 қазан күні Қоскөл ауылдық округінде жергілікті бюджет есебінен салынған спорт алаңының ашылу салтанатына өтті. Аудан әкімі Қ.Сүйеуғалиев шағын футболдан ауыл біріншілігіне қатысушы командаларға сәттілік тіледі.

Сонымен қатар 1 қазан-қарттар күні мерекесіне орай ауылдық округте мерекелік іс-шара ұйымдастырылып,  аталған шарада аудан әкімі Қоскөл, Шалғын ауылдарынан келген ардагерлерді мерекемен құттықтады.