Қазақстан халқының тілдері күні мерекесіне арналған іс-шара оздырылды

Қазақстан халқының тілдері күні мерекесіне арналған іс-шара оздырылды

Бүгін аудандық мәдени-демалыс орталығында Қазақстан халқының тілдері күні мерекесіне арналған «Тіл – халық қазынасы, ұлт шежіресі» атты жалпыхалықтық тіл фестивалі оздырылды.

Айтулы шарада Ахмет Байтұрсыновтың шығармашылығына арналған кітап көрмесі ұсынылып, театрландырылған көрініс қойылды.

Тіл мерекесінде сөз сөйлеген аудан әкімі Қадыржан Сүйеуғалиев саланы дамыту бойынша атқарылып отырған жұмыстарға тоқталды. Сонымен қатар, Қазақстан халқының тілдері күні мерекесімен құттықтап, ізгі тілегін білдірді.

Шарада облыстық мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының алғыс хатымен «Жайық Пресс» ЖШС Қаратөбе филиалы – «Қаратөбе өңірі» газетінің директор-редакторы Серікбай Жәлелұлы, Мұхит атындағы ЖОББМ-нің орыс тілі пәні мұғалімі Алтын Берікқызы, аудандық ішкі саясат бөлімінің тілшісі Ранида Рафикқызы марапатталды.

Аудан әкімінің алғыс хатымен  Мұхит атындағы ЖОББМ-нің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдері Лунара Асылханқызы, Арайлым Қуанғалиқызы, осы мектептің ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Салтанат Сырымқызы, аудандық «Қаратөбе өңірі» газетінің жауапты хатшысы Ерболат Мырзағұлұлы, Соналы ауылдық кітапханасының кітапханашысы Естай Уахитұлы, Төлен ауылдық кітапханасының кітапханашысы Мәди Бақытжанұлы марапатталады.

Шара аудандық мәдени-демалыс орталығы әншілерінің концерттік бағдарламасына ұласты.

«Қаратөбе өңірі» газеті