Зейнет жасымен құттықтады

Зейнет жасымен құттықтады

5 қыркүйек күні аудандық мәслихаттың мәжіліс залында  ауданның ветеринария саласында ұзақ жылдар еңбек еткен аққозы ауылдық округінің мал дәрігері Серік Опаұлының зейнеткерлік жасқа шығуына байланысты салтанатты жиын өтті.

Қиын да жауапты қызметті абыроймен атқарып келген Серік Опаұлын аудан әкімінің орынбасары Қайрат Төлепов зейнет жасымен құттықтап, аудан әкімі Қадыржан Орынбасарұлының алғыс хатын табыстады.

Салтанатты жиынды ұйымдастырған аудандық  ветеринариялық станциясының  басшысы Азамат Есенаманов әріптесі Серік Опаұлын зейнеткерлік жасымен құттықтап алғысхат және «Ветеринария саласына сіңірген ерен еңбегі үшін» төсбелгісін және облыстық ветеринария  басқармасының басшысы Серік Нұрмағанбетовтың алғысхатын табыстады.

Аққозы ауылдық округінің әкімі Қоныс Мұқанов, «Қоржын» шаруа қожалығының жетекшісі Құсайын Мұқанов және С.Опаұлының округтердегі әріптестері жылы лебіздерін білдіріп, ол кісінің қызметтегі біліктілігі, жұмысына жауапкершілігі,  мінезінің ұстамдылығы турасында әңгімелеп, отбасына амандық тіледі.