Партия филиалының активі өтті

Партия филиалының активі өтті

29 қарашада Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орайластырылып «Nur Otan» партиясы Қаратөбе аудандық филиалының актив жиналысы оздырылды. Оған саяси кеңес мүшелері, мәслихат депутаттары, фракция мүшелері, партия ардагерлері мен белсенділері, мекеме және бөлім басшылары, жастар қатысты.

Актив отырысына төрағалық еткен «Nur Otan» партиясы Қаратөбе аудандық филиалының төрағасы Жанат Асантаев:
– Қазақстанда 2012 жылдан бері – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні мемлекеттік мерекесі аталып өтілуде. Аталған күн кездейсоқ таңдалып алынбаған. Дәл осы күні 1991 жылдың 1 жетоқсанында қазақстандықтар таңдау жасап, дауыс беруі кезінде Нұрсұлтан Әбішұлы жеңіске жетті.
Тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуы мен дамуындағы Н.Ә.Назарбаевтың рөлі ерекше, - деп отырыста партияның «қайта жүктеу» бағытындағы жұмыстарды талқылап, алдағы міндеттерді нақтылау қажеттігін атап өтті.
. Жиынның күн тәртібіндегі мәселе бойынша баяндама жасаған «Nur Otan» партиясы Қаратөбе аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Нұрлан Оразов:
– Барлық деңгейде партиялық жауапкершілікті арттыру бойынша жұмыс жүргізіліп, Партия органдарының қызметінің ықпалы артуы тиіс.
Партиялық бақылау комисиясында, сыбайлас жекқорлыққа қарсы іс қимыл жөніндегі қоғамдық кеңесте мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыру мәселелері, азаматтардың өтініштерімен жұмыс, сыбайлас жемқорлық мәселелері жүйелі түрде қаралып, тиісті шаралар алынып отыруы керек.
Азаматтардың әл-ауқаты – партияның бар ұмтылыстары. Азаматтардың өтініштерін тиімді және жедел түрде шешу үшін қоғамдық қабылдаулардың жұмысын белсендіретін боламыз.
Азаматтарды филиал төрағасы, мемлекеттік органдардың басшылары қабылдауда. Соның арқасында халықтың көптеген сұрақтары жылдам және тиімді шешілуде. Мәселен, 10 айдың ішінде қоғамдық қабылдау арқылы 136 адам қабылданды, бұл өткен жылдың көрсеткішімен салыстырғанда 23% артық.
Айта кетерлігі, еліміз бойынша әлеуметтік сауалнамалардың қорытындысы бойынша құқықтарды қорғау мәселелерінде партияға деген сенім соттан кейін екінші орында тұрғанын қатерлегім келеді, - деді.
Жетекші партия активінде сөз алған аудандық мәслихат хатшысы Қадыржан Сүйеуғалиев «Nur Otan» партиясының «қайта жүктеудегі» басым бағыттарының бірі – депутаттық фракция жұмысының қарқынды екендігін тілге тиек етті. Мәслихат фракциясында аумақтарды дамыту бағдарламаларын жүзеге асыру туралы атқарушы органдардың есептері көпшілік алдында тыңдалуы да зор ықпаға ие болуда.
– Қазіргі таңда аудандық филиалдың негізін қалаушы 17 бастауыш партия ұйымдары болса, олардың бірі «Аққозы» бастауыш партия ұйымы. Біздің бастауыш партия ұйымы да қазіргі партия жұмысын жандандыру бойынша қойылып отырған талаптарды жүзеге асыруда барынша жұмыстанатын болады. Өйткені партия бағдарламасында белгіленген барлық әлеуметтік саясатты, қайырымдылық шараларды және партиялық жобаларды жүзеге асырушы осы бастауыш ұйымдары болмақ. Жергілікті жерде аудан тұрғындарының көмеке мұқтаж осал топтарына қолдау көрсетуде «Ардагерлерді ардақтайық», «Кедергісіз келешек» және «Бақытты отбасы» сонымен қатар ауылдық елді мекендеріміздің көркейтуге бағытталған «Құтты мекен», «Ауыл – ел бесігі» жобаларының маңызы зор. Бұл жобалардың табысты іске асуы тұрғындар мәселесін шешіп қана қоймай сонымен қатар партияға сенімді арттыратын болады, - деді Аққозы БПҰ төрағасы Қоныс Мұқанов өз кезегінде.
Актив жұмысын қорытындылаған аудан басшысы Жанат Асылханұлы жергілікті жерлердегі партия органдарының жұмысын күшейту және партияның өңірдегі шоғырландырушы рөлін арттыру қажеттігін атап өтіп, аудандық партия филиалы, сайланбалы органдардың мүшелеріне және бастауыш партия ұйымдарына жұмыстарды одан әрі белсендіруді тапсырды.