Аудан әкімінің төрағалығымен мәжіліс жиналысы өткізілді

Аудан әкімінің  төрағалығымен мәжіліс жиналысы өткізілді

Ағымдағы жылдың 25 қаңтар күні аудан әкімі Қ.Сүйеуғалиевтің төрағалығымен мәжіліс жиналысы өткізілді.
Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша 2021 жылғы бюджеттің орындалуы туралы аудан әкімінің орынбасары Ж.Сұлтан, салық түсімдерінің жиналуы бойынша аудандық кірістер басқармасының басшысы А.Тажкенов, иесіз нысандарды теңгерімге алу бойынша экономика және қаржы бөлімінің басшысы Б.Нұрмағамбетов, хаттамалық тапсырмалардың орындалуы бойынша аппарат басшысы А.Карменов хабарлама жасады.
Мәжіліс соңында аудан әкімінің 2022 жылға арналған жұмыс жоспары талқыланып, жасалатын жұмыстар нақтыланды.