Партия филиалында жаңа орынбасар

Партия филиалында жаңа орынбасар
Бүгін Қаратөбе ауданының әкімі Қадыржан Сүйеуғалиев «Nur Otan» партиясы аудандық филиалында, партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары лауазымына тағайындалған Абат Зейнуллинді таныстырды.
«Nur Otan» партиясы орталық аппаратының келісімімен, партияның БҚО филиалы төрағасының бірінші орынбасары М.Мұқаевтың 24 қаңтардағы №10-JQ бұйрығымен Зейнуллин Абат Кәрімұлы «Nur Otan» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары лауазымына тағайындалды.
Зейнуллин Абат Кәрімұлы – 1980 жылы 31 қаңтарда дүниеге келген. Білімі жоғары. Отбасылы.
2002 жылы Батыс Қазақстан мемлекеттік аграрлық университетін «Ветеринарлық медицина», 2008 жылы Батыс Қазақстан инженерлік-технологиялық университетін «Есеп және аудит» мамандығы бойынша аяқтаған.
Алғашқы еңбек жолын 2003 жылы Қаратөбе аудандық жасөспірімдер туризмі және экология орталығының шаруашылық меңгерушісі қызметінен бастаған.
2005-2021 жылдар аралығында мемлекеттік қызмет саласында, соның ішінде аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы, Егіндікөл, Қаратөбе ауылдық округтерінің әкімі лауазымдарында еңбек етті.
2021 жылдың 1 сәуірінен бастап қазіргі уақытқа дейін Қаратөбе аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің директоры қызметін атқарды.
 
"Қаратөбе өңірі" газеті