Партия филиалындағы қабылдау

Партия филиалындағы қабылдау
Бүгін Қаратөбе ауданының әкімі, «Nur Оtаn» партиясы аудандық филиалының төрағасы Қадыржан Сүйеуғалиев партия филиалында аудан тұрғындарын қабылдады.
Кезекті қабылдауда ауданның екі тұрғыны болды.
Партия филиалы төрағасының қабылдауында болған Қаратөбе ауылының тұрғыны Т.Қарақұлов өткен жылдың желтоқсан айында жүрегіне ота жасатып келгенін айтып, жақын арада денсаулығына байланысты тексеруге бару үшін қаражылай көмек сұрады. Азамат пәтер жалдап отырғанын айтып, орталықтан үй алып беруге ықпал етуін өтінді.
Филиал төрағасы Қадыржан Орынбасарұлы тұрғын үй мәселесінің ауданда өзекті болып отырғанын жеткізіп, денсаулығына байланысты қаржылай көмек беру мәселесін шешуді аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Бақытжан Жүсіпқалиға тапсырды.
Қабылдауға келген Жусандыой ауылының тұрғыны А.Күмісқалиева «Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша алған несиеге байланысты шотының бұғатталып қалғанын айтып, шағымданды. Бұл мәселеге құзырлы мекеме аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Берік Нұрмағамбетов мәселенің мән-жайын айтып, түсінік берді.
 
"Қаратөбе өңірі" газеті