Мерекелік іс-шара өтті

Мерекелік іс-шара өтті
Аудандық мәдениет үйінде «Жақсылықпен кел, Жаңа жыл» атты мерекелік шара өткізілді. Кеш барысында аудан әкімі Қ.Сүйеуғалиев аудан тұрғындарын Жаңа жыл мерекесімен құттықтап, мәдениет үйінің қызметкері Т.Жексенбаевқа Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрі А.Райымқұлованың алғыс хатын табыс етті.
Жаңа армандар мен мақсаттарға бастайтын жаңа жыл мерекесіне арналған шарада мәдениет үйі өнерпаздарының әуезді әндері орындалып, көңілді ойындар ұйымдастырылды.