Аудан әкімі бастаған жұмыс тобы Қаракөл ауылдық округінде жұмыс сапарымен болды

Аудан әкімі бастаған жұмыс тобы Қаракөл ауылдық округінде жұмыс сапарымен болды
Бүгін аудан әкімі Қ.Сүйеуғалиев бастаған топ Қаракөл ауылдық округінде жұмыс сапарымен болып, ауылдық округ тұрғындарымен кездесу өткізді.
Жиын барысында, ауылдық округ әкімі Э.Амантаев атқарылған жұмыстар туралы баяндап, аудан прокуроры А.Таспихов құқық қорғау салалары бойынша, «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы аудандық филиалының директоры А.Тойшыбаев кәсіп ашу, жеңілдетілген несие алу бойынша түсінік берді. Сонымен қатар, кездесу барысында аудан басшысы жүзеге асырылып жатырған және атқарылатын жобалар туралы ақпарат беріп, ауыл тұрғындарының ұсыныстарын тыңдады. Кездесу соңында ауыл тұрғындарына жеке қабылдаулар өткізілді.