Қаратөбеде көпшілік марафон оздырылды

Қаратөбеде көпшілік марафон оздырылды
Бүгін Қаратөбе ауданының орталығында ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығы мерекесі аясында салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында көпшілік марафон оздырылды.
Көпшілік марафонға қатысушылар орталық алаңда сап түзеді.
Айтулы шараның ашылу салтанатында аудан әкімінің орынбасары Жасұлан Сұлтан сөз сөйлеп жүгірушілерге сәттілік тіледі.
Марафонға қатысушы жұртшылық аудан орталығындағы орталық алаңнан бастау алып, ауылішілік Ғ.Құрманғалиев, Мұхит, Қ.Жұмалиев, М.Бекімов, М.Нысанов, С.Датұлы көшелері жолдармен шара ережесіне сай 5 шақырым қашықтықты жүгіріп өтті.
Жарыста алдына жан салмай алғаш мәре сызығын аттаған жас спортшы Шоқан Аманжанов І орынды жеңіп алса, Ақниет Ғаббасов пен Есболат Ғабдолов ІІ және ІІІ орындарға табан тіреді. Жарыстың қорытындысында көпшіліктің көзайымына айналған марафоншылар аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесінің кітапханашысы Құрманай Қатауова – «Жас спортшы», Қаратөбе мектеп-гимназиясының денешынықтыру пәнінің мұғалімі Ақан Төлеуов – «Ардагер спортшы», Шөптікөл бөбекжай-балабақшасының қызметкері Ирина Шабдарова – «Желаяқ спортшы» аталымдарын иеленді.
Марафон жеңімпаздары мен жарыс аталымдарына ие болған спортшыларды марапаттау рәсімін «Қаратөбе» спорт клубының директоры Екпін Тналиев жүргізді.
 
"Қаратөбе өңірі"  газеті