Өнер ұжымының концерті өтті

Өнер ұжымының концерті өтті
Қазанның 13-і күні Қадыр Мырза-Әли атындағы облыстық мәдениет және өнер орталығының «Қадыр жолымен...» жобасы аясында құрылған «Дала дидары» көшпелі өнер ұжымының концерттік кеші өтті.
Сазды кеш ақынның шығармашылығына арналған видео-роликпен басталды.
Кешті Қадыр Мырза Әли атындағы облыстық мәдениет және өнер орталығының директоры, жоба жетекшісі Бауыржан Халиолла кіріспе сөзбен ашты.
- Асаллаумағалейкум алқалаған әлеумет, жиылған жамағат бабасымен баласы түгел даласының өзі ән салып тұратын қасиетті Қаратөбе жұртшылығы! Елдегі дерт сейілгелі бері Қадыр орталығы аймақтағы және мәдениет өнер саласындағы мекемелер ішінде алғашқы болып аудан-ауданға, ауыл-ауылға елмен қауышуды қолға алды. Біздің осы сапарымызды ыждағатпен күтіп, қолдап шарамызды өткізуімізге ат салысқан аудан әкімі Қадыржан Орынбасарұлына және ауданның барша саласында еңбек етіп жатырған командасына алғыс айтамыз. Халықпен жүздесуге мүмкіндік туғызғаны үшін, біздің қасымыздан табылып, біздермен жүздесуге келген сіздерге алғыс айтамын,- деді Бауыржан Халиолла.
Мейірхан Аюповтың орындауында «Тамаша» әні шырқалды. Концертті жалғасғастырған Аслан Ислямов «Қазақтарды шетелдік қонақтарға таныстыру» әнін орындады. Ерекше сазды дауысымен Гүлзада Ахметова «Наз» әнін орындаса, Мейірхан Аюпов пен Гүлзада Ахметова «Әже туралы әнді» бірге шырқады. Халыққа ерекше тебіреніс беретін Шәмші атамыздың әуеніңде жазылған «Сыған серенадасын» Мәди Сабыров, Ақылбек Какимов, Асылбек Ислямов орындап берді. Келесі кезек поэзияға беріліп, Ақмоншақ Есетова мен Назерке Махметова ақын өлеңдерін нақышына келтіріп, мәнерлеп оқыды. «Жауынгер мекен – Жымпиты» атты әнін Ақылбек Какимов орындады. Концерт соңында рухты көтеретің «Атамекен, Өз елім» әндері шырқалды. Концерт соныңда аудан әкімі Қадыржан Сүйеуғалиев сөз сөйлеп, Қадыр Мырза-Әли атындағы облыстық мәдениет және өнер орталығының ұжымына алғыс айтып, алғыс хат табыстады.
 
"Қаратөбе өңірі" газеті