Оқу-жаттығу өткізу мәселесі пысықталды

Оқу-жаттығу өткізу мәселесі пысықталды
Бүгін аудандық мәслихаттың мәжіліс залында аудан әкімінің орынбасары Рашит Иманғалиевтің төрағалығымен жиналыс өтті.
Аталмыш жиналысқа Батыс Қазақстан облыстық төтенше жағдайлар департаментінің Азаматтық қорғаныс басқармасының бастығы, подполковник Данияр Тілеуханов пен Азаматтық қорғаныс басқармасының офицері, аға лейтенант Айбар Қалиев қатысып, күн тәртібіндегі ауданда кешенді оқу-жаттығу өткізу мәселесіне тоқталып, қазанның 7-8 күндері өтетін жоспарлы оқу-жаттығу жұмыстары туралы әңгімеледі.
–Үш жылда бір өтетін кешенді оқу-жаттығу жұмыстарының мақсаты халықты төтенше жағдайларға әрекет етуге дайындау. Төтенше жағдайдың алдын алу, табиғи және техногенді сипаттағы төтенше жағдай қауіпі төнген немесе орын алған жағдайда оларды жою.
Біздің мақсатымыз төтенше жағдайларға байланысты Азаматтық қорғаныс істері мен халықтың әрекет етуіне дайындығын тексеру,- деді Батыс Қазақстан облыстық төтенше жағдайлар департаментінің Азаматтық қорғаныс басқармасының бастығы, подполковник Данияр Тілеуханұлы.
Аталмыш жиынға оқу-жаттығу жұмыстарына қатысты мекемелер басшылары қатысып, осы мәселеге байланысты сауалдар қойып, тиісінше жауаптарын алды.
 
"Қаратөбе өңірі" газеті