Тұрғындар тілегі ескеріледі

Тұрғындар тілегі ескеріледі
31 тамыз күні «Nur Otan» партиясы Қаратөбе аудандық филиалының төрағасы, аудан әкімі Қадыржан Сүйеуғалиев санитарлық талаптарды сақтай отырып аудан тұрғындарына қабылдау жүргізді.
Аудан әкімінің қабылдауына келген тұрғындарды толғандырған мәселе – тұрғын үйді жөндеу мен қызметке орналасу мәселесі.
Қабылдауда болған аудан тұрғындары А.Ерешова мен Т.Қайырғалиева жаңадан салынған 67 тұрғын үйден пәтер алғандықтарын, алайда үй құрылысының сапасына көңілдері толмайтындықтарын айтты. Пәтер иелері жаңбырлы күндері үй шатыры мен терезе тұстарынан су кіретіндігіне шағым жасады.
Тұрғын үй мәселесіне қатысты сауалдарға жауап қайтарған аудан басшысы Қ.Сүйеуғалиев тиісті дәрежеде көмек болатындығын жеткізді.
Ал, жұмыс сұрай келген А.Қобдабаева мен өз жұмысын бастау үшін қысқа мерзімді оқу курсынан өтіп грант немесе жеңілдетілген несие алу мәселесін көтерген қарақамыстық М.Халқамбетовтың өтінішін байыппен тыңдаған аудан басшысы тұрғындардың талап-тілектері назарда болатындығын айтып, тиісті сала басшыларына тапсырма берді.