Ауылдық округ әкімдерінің сайлануы

Ауылдық округ әкімдерінің сайлануы
Аудан әкімі Қ.О.Сүйеуғалиев ағымдағы жылдың 25 шілдесінде елімізде алғашқы өткен аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл әкімдерін сайлауында жеңіске жеткен үміткерлерді аудандық аумақтық сайлау коммисиясынан тіркеуден өтулерімен құттықтады.
Сайлау қорытындысы бойынша Жусандой ауылдық округі әкімі лауазымына Бақытжанов Бекболат Рахымғалиұлы, Сулыкөл ауылдық округі әкімі лауазымына Зайнуллин Бағдат Рафиғоллаұлы және Аққозы ауылдық округіне Мұқанов Қоныс Ізімұлы сайланды.
Аудан басшысы жаңадан сайланған округ әкімдерін ауыл активіне таныстырып, артылған сенімді ақтап, ауылды өркендету мен тұрмыс сапасын арттыру бағытындағы жүйелі жұмыстарды атқаруды тапсырды.