Аудан әкімі күрделі жөндеуден өткізіліп жатқан Қаратөбе спорт клубы ғимаратының жұмысымен танысты

Аудан әкімі күрделі жөндеуден өткізіліп жатқан Қаратөбе спорт клубы ғимаратының жұмысымен танысты
Аудан әкімі К.Суйеугалиев «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында күрделі жөндеуден өткізіліп жатқан Қаратөбе спорт клубы ғимаратының жұмысымен танысып, құрылысқа жауапты адамдармен кездесті. Жоба құны-48 млн теңгені құрап отырған спорт ғимаратына жөндеу жұмыстары қарқынды түрде жүргізілуде. Мердігерге құрылыстың сапалы және белгіленген уақытта аяқтау керек екендігі туралы жеткізді. Аталған жоба аудан халқының салауатты өмір салтын ұстап, денсаулықтарын қалпына келтірері сөзсіз.
Келесі кезекте Қаратөбе ауылдық округі әкімі Б.Мусамен бірге орталық алаңның аумағын аралады. Орталық алаңды абаттандыруды және күтіп ұстау жұмыстарына басты назар аудару қажет екендігін ескертілді.
Сонымен қатар, аудан орталығында салынған субұрқақтың қазіргі жағдайыменде танысты. Жаз мезгілінде айналасы балаларға толы субұрқақтың үнемі жұмыс істеп тұруын және бүлінген жерлерін қайта қалпына келтірілу керек екендігін тиісті бөлім басшысына тапсырды.