Аудан әкімі Сулыкөл және Жусандой ауылдық округтерінде Батыс Қазақстан облысы әкімінің Қаратөбе ауданы бойынша өкілі Ғ.Сахиповпен бірге жұмыс сапарымен болды

Аудан әкімі Сулыкөл және Жусандой ауылдық округтерінде Батыс Қазақстан облысы әкімінің Қаратөбе ауданы бойынша өкілі Ғ.Сахиповпен бірге жұмыс сапарымен болды
22-23 шілде күндері аудан әкімі К.Суйеугалиев Сулыкөл және Жусандой ауылдық округтерінде Батыс Қазақстан облысы әкімінің Қаратөбе ауданы бойынша өкілі Ғарапша Әділұлы Сахиповпен бірге жұмыс сапарымен болды.
Алдымен Сулыкөл ауылдық округінде 2020 жылы күрделі жөндеуден өткен мектеп ғимаратының жәй-күйімен танысты.
Кейін аудан әкімі ауылдық округ тұрғындарымен кездесті, округтік әлеуметтік-экономикалық жағдайын баяндай келе, инвестиция тарту жұмыстарын күшейту, мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде кәсіпкерлікті дамыту керектігі туралы айтты. Өз кезегінде ауыл тұрғындары ауылға су мұнарасын салу тағыда басқа өзекті мәселелерін ортаға салып, талқылады.
Жусандой ауылдық округінде ауыл тұрғындарымен кездесу барысында округтің әлеуметтік-экономикалық жағдайын, халықтың тыныс-тіршілігімен танысып, бірқатар жобалардың жүзеге асып жатырғандығы туралы баяндалды.
Қазіргі таңдағы ауылішілік су құбыры құрылысының жақын арада халық игілігі үшін өз септігін тигізетіндігі де тілге тиек етілді. Сонымен қатар, ауыл тұрғындары тарапынан да, бірқатар мәселелер көтерілген болатын.
Өз кезегінде аудан әкімі ауыл тұрғындары көтерген мәселелер бойынша жауап берді.