Спорт ардагерін қабылдады

Спорт ардагерін қабылдады
Бүгін аудан әкімі Қадыржан Сүйеуғалиев спорт саласының ардагері, ұзақ жылдар білім беру саласында елеулі еңбек еткен Серік Бралиевті қабылдады.
Аудан басшысы Қадыржан Орынбасарұлы спорт ардагері Серік Бралиевті мерейлі 70 жасымен құттықтап, сала ардагеріне алғыс хат табыстап, иығына шапан жапты.
– Ауданның спорт саласының дамуына Сіздің қосқан үлесіңіз зор. Бір кездерде өзіңізбен бірге қоян-қолтық жұмыс жүргізгенімізде Сіздің аудан спортын дамыту бағытында атқарған игі істеріңізге куә болдық.
Сіз, спорт мектебіне, аудандық спорт комитетіне басшылық еткен кездері аудан спортшылары едәуір жетістіктерге қол жеткізді. Бірнеше жеңімпаз шәкірт тәрбиеледіңіз. Сол шәкірттеріңіздің алғысына бөленіп жүре беріңіз, мерейлі жасыңыз құтты болсын, отбасыңыз аман болсын,-деді аудан әкімі Қадыржан Орынбасарұлы.
Айтулы шарада бір кездерде ағамен бірге жұмыс жасаған ауылдасы Ғарапша Сахипов, аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Ғалымгерей Қайырғалиев, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Рамазан Қыдырашев ардагер ағаны мерейлі жасымен құттықтап, жылы лебіздерін арнады.
Серік аға өзін жылы қабылдаған аудан басшысын жаңа қызыметімен құттықтады. Өзіне көрсетілген құрметке шынайы ризашылығын білдірген спорт ардагері Серік аға қабылдау барысында өзінің еңбек жолы туралы әңгімеледі.
Қабылдау шарасына аудан әкімінің орынбасары Жасұлан Сұлтан, аппарат басшысы Азамат Кәрменов қатысты.