Аудан әкімі Жусандой ауылдық округінде жұмыс сапарымен болды

Аудан әкімі Жусандой ауылдық округінде жұмыс сапарымен болды
Бүгін аудан әкімі Жусандой ауылдық округінде жұмыс сапарымен болып, Жусандой ауылының ауылішілік су құбыры құрылысымен танысты.
Жоба құны – 285,4 млн теңгені құрап отырған аталған жобаны «Сәт-Сервис» ЖШС іске асыруда. Аудан әкімі құрылысқа жауапты мердігермен кездесіп, жұмыстың сапалы және уақытылы іске асуын басты назарда ұстау керек екендігін ескертті.
Қазіргі таңда насос құрылығылары әкелініп қондырылуда. Су қоймасын сынақтан өткізу жоспарланып, алаңқайларды тегістеу жұмыстары жүргізілген. Жоба бойынша жалпы ұзындығы 13,1 шақырымды құрайтын су құбыры желілерінің желісін қолданысқа беру тамыз айына жоспарлануда.
Аталған жоба ауыл тұрғындарын сапалы ауыз сумен қамтамасыз ете отырып, тұрғындардың әл-ауқатын көтерері сөзсіз.