Қалдығайты-Орал маршруты ашылды

Қалдығайты-Орал маршруты ашылды
Бүгін Сулыкөл ауылында Сулыкөл-Орал бағытына жолаушылар тасымалдайтын қоғамдық көліктің шығуына орай салтанатты шара өтті.
Аталмыш шарада Сулыкөл ауылдық округі әкімінің міндетін уақытша атқарушы Тоймырза Нұрбергенов, аудандық тұрғын-үй, коммуналдық шаруашылық, автомобиль жолдары және жолаушылар көлігі бөлімінің басшысы Нұржан Сахипов, Сулыкөл ауылдық округі әйелдер кеңесінің төрайымы Нәббат Ақымғалиева ауыл тұрғындары алдында құттықтау сөз сөйлеп, игі істі қолға алған дара кәсіпкер Мұрадым Қабдығалиевке алғыстарын айтып, ауыл тұрғындарының қуаныштарымен бөлісті. Ауыл халқы қуанышқа бөленген шарада шашу шашылды. Сала басшысы Н.Сахипов пен округтегі әйелдер кеңесінің төрайымы Нәббат Ақымғалиева Лента қию рәсімін жүргізіп, жолаушыларға сәтті сапар тіледі. ГАЗель автокөлігін көлігін тізгіндеген дара кәсіпкер Мұрадым алғашқы сапарында жолаушыларды қалаға дейін тегін, ақысыз тасымалдауды ұйғарған. Көлік орындықтары жолаушылармен түгелдей толықты. Көліктің тиімділігі сол жолшыбай Соналы, Үшағаш ауылдарының жолаушыларын да қамтиды.
-Үстіміздегі жылдың 29 маусымындағы конкурс қорытындысында жеңімпаз болып танылдым. 9 шілдеде жолаушылармен багажды ұйымдастыру шарты жасалды. Күн сайын жүремін. Жол құны ересектерге 1500 теңге, бес жасқа дейінгі балалардан жол ақы алынбайды. 5 жастан 15 жасқа дейінгі балалар үшін жолақы бағасы 750 теңге. Үкімет тарапынан қарастылып отырған жеңілдікке ризамын. Біздің максатымыз жолаушыларға сапалы қызмет көрсету, - дейді дара кәсіпкер М.Қабдығалиев.
Ауыл тұрғындары үшін бағасы қолжетімді, салоны жайлы,қауіпсіз көлік ауылдағы "Райымбек" азық-түлік дүкені алдынан аялдайды.