Атқарылар жұмыстар талқыланды

Атқарылар жұмыстар талқыланды

Бүгін аудан әкімі Қадыржан Сүйеуғалиев бөлім басшыларымен және округ әкімдерімен кездесіп, атқарылар жұмыстарды талқылады.

Жиында аудан әкімі ауданға инвестиция тарту, ауыл шаруашылығында кооперативтер құру, жерді тиімді пайдалану, шөп бағасын тұрақтандыру, жаңа жұмыс орындарын ашу, жастарды оқытуға, оларға кәсіп ашуға айрықша көңіл бөлу мәселелерін де қамтыды.

Сондай-ақ округ әкімдері және бөлім басшылары жоспарларымен бөлісіп, тиісті тапсырмаларын алды.