Мемлекеттік қызметшілер дөңгелек үстелде бас қосты

Мемлекеттік қызметшілер дөңгелек үстелде бас қосты
22 маусым күні аудан әкімдігінің мәжіліс залында Мемлекеттік қызметшілер күні мерекесіне орай ауданның ардагер және жас мемлекеттік қызметшілері дөңгелек үстелде бас қосты.
Сала ардагерлері М.Қожахметов, М.Ермеғали, Р.Қыдырашев өздерінің мемлекеттік қызметте жинаған мол тәжірибелерімен бөлісіп, жас мемлекеттік қызметшілерге үлгі боларлық ой-пікірлерін ортаға салды.
Аудан әкімінің орынбасары Жасұлан Сұлтан аға буын өкілдерінің салмақты ойлары жастардың мемлекеттік қызметте тәжірибе жинақтауына ықпал ететіндігін айтып, дөңгелек үстелге қатысушыларды айтулы мерекелерімен құттықтап, аудан басшысы атынан ардагерлерге алғыс хат пен сыйлықтар табыстады.
Атаулы мемлекеттік мерекелік шараға аудан әкімі аппаратының басшысы А.Кәрменов, аудан әкімдігінің ұйымдастыру және кадр бөлімінің басшысы М.Кенжеғалиева қатысты.