Барлығынада қатысты...

Барлығынада қатысты...

Өздеріңіз білетіндей, электр қуаты - қауіптің жоғарғы көзі.

Электр станциялары, қосалқы станциялар, трансформаторлар, электр желілері, кабельдер, ажыратқыштар және басқалары электр энергетикасының объектілері болып табылады.

Энергетикалық қондырғылар оларды пайдалану кезінде ерекше тәсілді «талап етеді».

Қазақстан Республикасының электр энергетикасы саласындағы қолданыстағы заңнамасына сәйкес электр энергиясын тұтынушының электрмен жабдықтау объектілері үшін техникалық (құқық белгілеуші) құжаттамасы болуы керек (электр жабдықтарының паспорты).

Электр станцияларын электр энергиясына қосу, Қазақстан Республикасының электр энергетикасы саласындағы қолданыстағы заңнамасының талаптарына сәйкес болуы керек: тұтынушылар үшін, Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 30 наурыздағы № 246 бұйрығымен бекітілген, Тұтынушылардың электр қондырғыларын техникалық пайдалану ережелері, электр станциялары үшін, Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 30 наурыздағы № 247 бұйрығымен бекітілген, Электр станциялары мен желілерін техникалық пайдалану ережелері.

Осы Ережеге сәйкес, тұтынушыда электрмен жабдықтауға арналған ((сызбалар, түсіндірме жазбалар) құрылыста, монтажда және пайдалануға беру кезінде және одан кейінгі пайдалану кезінде жасалған барлық өзгерістермен) жобалық құжаттама; электр желілеріне қосылудың техникалық шарттары; желілерді энергия жабдықтаушы (энергия беруші) ұйым мен тұтынушы арасындағы меншіктік (теңгерімдік) және тараптардың  пайдалану жауапкершілігін ажырату актісі және электрмен жабдықтау ұйымымен электрмен жабдықтау шарты болуы керек.

Тұтынушылардың электр қондырғыларына техникалық қызмет көрсетуді білікті энергетика қызметкері  жүзеге асырады.

Жеке тұлғаларға электр қондырғыларын пайдалануға, электр қондырғыларын пайдалану жөніндегі қызметті жүзеге асыратын мамандандырылған ұйыммен келісім бойынша рұқсат етіледі.

Электр станцияларына техникалық қызмет көрсету, бекітілген кестелер мен нормативтік құқықтық актілердің қолданыстағы талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.

Ұйымдық-құқықтық (заңды, жеке тұлға) нысанына қарамастан, электр станциясының техникалық жағдайы үшін, меншік иесі (теңгерім ұстаушы) жауап береді.

Қазақстан Республикасының электр энергетикасы туралы заңнамасын бұзғаны үшін, кінәлі адамдар, Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен жауап береді.

Тұтынушылардың электр қондырғыларын техникалық пайдалану үшін электр станциялары мен жылу желілерінің жылу механикалық жабдықтарын пайдалану кезінде электр станциялары мен қауіпсіздік желілерін техникалық пайдалану ережелерін бұзу, сондай-ақ энергия тұтынудың белгіленген режимдерін бұзу , айыппұл түріндегі әкімшілік жауапкершілікке әкеп соғады: жеке тұлғалар үшін он бес, шағын кәсіпкерлік субъектілері үшін - елу бес мөлшерінде, орта бизнес үшін - жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілері үшін - екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде.

Қазақстан Республикасы Заңының 6 бабына сәйкес, уәкілетті органға жүктелген функцияларды ескере отырып, электр энергиясын өндіру, беру, жеткізу және тұтынудың сенімділігі мен қауіпсіздігін бақылау мақсатында, «Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша  аумақтық департаменті» ММ тексерулер мен профилактикалық бақылау жүргізуге құқылы.

Өтінішпен,  Орал қаласы, Ж.Досмұхамедов көшесі 45, 102 кабинет мекен-жайына немесе egov порталы, анықтамалар үшін 50-31-15, 50-08-95 телефоны арқылы жүгіне аласыз.

 

«Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша  аумақтық департаменті» ММ-нің бас маманы –  Гусманова Асель Беркғалиқызы