Қаратөбе ауылдық округінің әкімі тағайындалды

Қаратөбе ауылдық округінің әкімі тағайындалды
2021 жылдың 28 сәуір күні Қаратөбе ауданының әкімі Ж.А.Асантаев Қаратөбе ауылдық округінің қызметкерлеріне жаңа әкімді таныстырды.
Қаратөбе аудандық аумақтық сайлау комиссиясының 2021 жылғы 19 сәуірдегі №5 санды қаулысына және Қаратөбе ауданы әкімінің 2021жылғы 27 сәуірдегі №60 өкіміне сәйкес арнайы тексерудің оң нәтижесін алған күнге дейін Қаратөбе ауылдық округінің әкімі міндеттерін уақытша атқару үшін Муса Берікқали Жақсылықұлы қабылданды.
Муса Берікқали Жақсылықұлы - 1972 жылдың 28 мамырында Батыс Қазақстан облысы, Қаратөбе ауданы, Сулыкөл ауылында дүниеге келген. Білімі жоғары. 1994 жыл - Батыс Қазақстан ауылшаруашылығы институтын «Зооинженер» мамандығы бойынша бітірген.
Алғашқы еңбек жолын «Қалдығайты» өндірістік кооперативі, «Төлен» бөлімшесінің зоотехнигінен бастаған, 1997 - 2003 ж.ж. «Төлен» шаруа қожалығының жетекшісі, 2003 - 2010 ж.ж. аудандық статистика бөлімінің Сулыкөл селолық округі бойынша маманы, 2010 жылдан осы уақытқа дейiн Сулыкөл ауылдық округінің әкімі қызметтерін атқарған.
Жанұялы 2 ұл, 1 қызы бар.
Жаңадан тағайындалған әкімге аудан әкімі Жанат Асылханұлы алдағы уақытта ауылдық округтің әлеуметтік-экономикалық даму қарқынын арттыру, абаттандыру жұмыстарын жолға қою, кәсiпкерлiкті дамыту сынды өзiне жүктелген мiндеттердiң iске асырылуы үшiн бар күш-жігерін салуына тілек білдірді.