«Nur Otan» партиясы Қаратөбе аудандық филиалына жаңа басшы тағайындалды

«Nur Otan» партиясы Қаратөбе аудандық филиалына жаңа басшы тағайындалды

2021 жылдың 23 сәуірі күні аудан әкімінің орынбасары Сұлтан Жасұлан Кәрелұлы «Nur Otan» партиясы Қаратөбе аудандық филиалы ұжымына жаңа басшыны таныстырды. «Nur Otan» партиясы Батыс Қазақстан облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Мұқаев Мұрат Рахметұлының бұйрығымен Қаратөбе аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары болып Меңдешов Нұрлан Құмарұлы тағайындалды. Аудан әкімінің орынбасары Жасұлан Кәрелұлы Нұрлан Құмарұлын жаңа қызметімен құттықтай келе, өзіне жүктелген міндеттердің іске асырылуы үшін бар күш-жігерін салуына тілек білдірді.