«Менің аулам – менің бағым» жобасы аясында грант берілуде

«Менің аулам – менің бағым» жобасы аясында грант берілуде
Аудан әкімдігінің мәжіліс залында "Еңбек" мемлекеттік бағдарламасына қатысушыларға жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға арналған мемлекеттік гранттар алушы үміткерлердің өтініштерін қарау жөніндегі аудандық комиссия отырысы өтті.
"Менің ауылым - менің бағым" атты жобасы аясында, өздерінің жеміс жидек теректерін отырғызу бағытында бизнес-идеяларын жүзеге асырғысы келетін үміткерлердің жобалары қаралды. Биылғы грант қаражатының мөлшері 583 400 теңгені құрайды.
- Бау-бақша өсірудің пайдасы мол. Өйткені жеміс-жидектерге, сондай-ақ одан өндірілген өнімдерге нарықта сұраныс мол. Менде өзім бақша егіп, жылда жемісін көріп келемін. Сіздермен де тығыз байланыста болып, тәжірибе алмасатын боламыз, - деді комиссия отырысында аудан әкімінің орынбасары Жасұлан Кәрелұлы.
«Менің аулам – менің бағым» деп аталатын жаңа бизнес-идея жергілікті нарықтағы жеміс-жидек бағасын тұрақтандырып, бағбандарға мемлекет тарапынан қолдау көрсетуді көздейді. Ал ауласында бау-бақша өсіретін жерлестерімізге тәжірибелі бағбандар тәлімгер болмақ. Олар жеміс ағаштарының көшеттерін ұсынумен қатар, баптау бойынша да кеңестерімен бөлісіп отырмақ. Ол үшін көшет отырғызатын жеріңіз бен қолға кетпен ұстап, ерте көктемнен қара күзге дейін еңбек етуге деген ниетіңіз болса жеткілікті.
Үміт ШУРИНА