Жұма сайын тегін нан таратылмақ

Жұма сайын тегін нан таратылмақ
Қайырымдылықтың да түр-түрі бар. Өзгелерге көмек қолын созып, қарайласқан жан мол сауапқа кенелері сөзсіз.
"MG" супермаркетінде әр жұма сайын Қаратөбе ауданы полиция бөлімінің қызметкерлері мүмкіндігі шектеулі азаматтарға, мұқтаж адамдарға, зейнеткерлерге әр аптаның жұма күні тегін нан таратады.
Әрине қымбатшылық қысып тұрған шақта, қалтасынан жырып беріп, мұқтаж жандарды демеген қайырымды ұжымның бұл ісіне ризашылық білдіріп жатқандар көп.
- Басқа мекемелерді де осындай игі істер жасауға шақырамыз,- дейді Қаратөбе ауданы полиция бөлімінің ұжымы.