Қайырымдылық үшін доп додасы

Қайырымдылық үшін доп додасы
Ақпанның 25-і күні дене шынықтыру-сауықтыру кешенінде «Жақсылық жасап жарысайық!» атты футзалдан аудандық жарыс оздырылды. Жарысқа барлығы 11 команда бойынша 90-ға жуық спортшы қатысып, бақтарын сынады.
Аталған жарыстың мақсаты – Ақсай қаласының тұрғыны, кішкентай бөбек Шахмаров Эмир Талихұлының еміне қол ұшын созу болып табылды.
Жарыс қорытындысы бойынша І орынды «Жастар» командасы, ІІ орынды «Спорт мектебі» командасы, ІІІ орынды «Қоскөл» командасы иеленді.
Доп додасы барысында үлгілі ойын өрнегін көрсеткен ойыншылар да марапатталды. «Жеңіске деген жігері үшін» аталымымен «Спорт клуб» командасы марапатталса, Ермахан Киікбаев «Үздік шабуылшы», Ақниет Ғаббасов «Үздік қақпашы», Мерхат Сұлтангереев «Үздік қорғаушы», Дастан Демегенұлы «Үздік ойыншы» аталымдарына ие болды.