Дайындық жұмыстры пысықталды

Дайындық жұмыстры пысықталды
Аудан әкімдігінің мәжіліс залыңда аудан әкімі Жанат Асантаевың төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі аудандық комиссияның отырысы өтті.
Отырыс күн тәртібінде төтенше жағдайлардың алдын алу мәселелері;
көктемгі су тасқыны қауіпсіздігі, төтенше жағдайлар туындау қатері төнген немесе тыңдаған кезде құлақтандыру жүйесін жаңғырту мәселелер қаралды.
– Қаратөбе ауданында ағымдағы жылдың 10 ақпаннан бастап көктемгі су тасқынының алдын алуға бағытталған тиісті жұмыстар атқарылуда. Аудан аумағында қар аз түсуіне байланысты аудан көшелерінен қар шығару және су сору жұмыстары жүргізілмеді.
Уақытша бөгеттерді тұрғызу үшін 2000 дана қаптар, 20 тонна инертті заттар материалдар құм, топырақ және т.б және құрал-сайсандардың қоры жасақталды. Қалыптасқан жағдайда жедел әрекет ету мақсатында қауіпті телімдер мен нысандарға ауылдық окургтер әкімдіктерінің лауазымды тұлғалары бекітілетін болады. Ведомоствалық қарасты аумақтарда су тасқыны кезеңінде үздіксіз көлік қатынасы қамтамасыз етіледі. Аудан аумағындағы су тасқынына байланысты төтенше жағдайлардың алдын-алу және салдарын жоюға қатыстырылатын 9 арнайы техника 4-МТЗ-82 маркалы трактор және «Бақыт жолдары» ЖШС –нің 4 техникасы К701, ХТА, ДТ, КАМАЗ, МТЗ тракторлары қажет болған жағдайда қосымша жұмылдыру үшін дайын күйге келтіріліп, наурыз айында тексеріледі, - дейді аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің басшысы, азаматтық қорғаныс подполковнигі Мэлс Искаков.
Қаратөбе ауданы әкімі аппараты құжаттамалық қамту және шаруашылық жұмыстары бөлімінің бас маманы Дәулет Оразақаев, аудандық тұрғын үй, коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Нұржан Сахипов өз салалары бойынша мәлімдеме жасаса, Қаратөбе ауылдық округінің әкімі Абат Зейнуллин суға кету қаупінің алдын алу мақсатында атқарылып жатқан жұмыстар турасында баяндады.