Атқарылмақ жұмыстар депутаттар бақылауында болмақ

Атқарылмақ жұмыстар депутаттар бақылауында болмақ
24 ақпан күні аудандық мәслихат хатшысы Қадыржан Сүйеуғалиевтің төрағалығымен Қаратөбе аудандық мәслихатында депутаттардың сайлауалды бағдарламалары негізінде атқарылатын жұмыстарын талқылау бағытындағы отырыс оздырылды.
Отырысқа аудан әкімі Жанат Асантаев, «Nur Otan» партиясының Қаратөбе аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Нұрлан Оразов, аудандық мәслихат депутаттары және тиісті мекеме басшылары қатысты.
Басқосуда Қаратөбе ауданында «Өзгеру жолы: барлығына лайықты өмір!» атты «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасын орындау бойынша Жол картасының, сайлауалды үгіт насихат жұмыстары кезінде елді мекендер тұрғындары тарапынан айтылған ұсыныстар, аманаттардың орындалуын бақылау мақсатында жетекшілік ету үшін аудандық мәслихат депутаттары бөлінді.
Алдағы уақытта ауданда жүзеге асырылмақ ауқымды жобалардың сапалы, уақытылы орындалуы «Nur Otan» партиясы атынан сайланған аудандық мәслихат депутаттарының қадағалауында болмақ.
Жиын барысында аудандағы 8 ауылдық округ халқының мұң-мұқтажын билікке жеткізіп, олардың мәселелерінің шешілуіне ықпал ету мақсатында әр округке аудандық мәслихат депутаттары бекітілді.