АҚТӨБЕДЕН АҚЖОЛТАЙ ХАБАР

АҚТӨБЕДЕН АҚЖОЛТАЙ ХАБАР
Ақтөбе қаласында өтіп жатырған арм спортынан және қол күресінен ерлер мен әйелдер арасындағы Қазақстан Республикасының чемпионатында жерлесіміз Ержан Ерболат биік тұғырдан көрінді.
Аталмыш чемпионатта 17 облыстан 300-ге тарта құрыш білектілер бақ сынауда.
Айта кету керек, жерлесіміз, Қаратөбе балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің тәрбиеленушісі Ержан Ерболат ересектер арасында 55 келі салмақ дәрежесінде күміс медальға ие болып, Алматы қаласында өтетін Азия чемпионатына жолдама алып, Қазақстан Республикасының спорт шебері атағына ие болды.
Сондай-ақ Қаратөбе балалар- жасөспірімдер спорт мектебінің тәрбиеленушісі Жандарбек Ниязов 65 кг салмақ дәрежесінде тартысты ойын көрсетті.
Аталмыш спортшылардың жаттықтырушысы "Қол күресі" үйірмесінің жоғарғы санатты жаттықтырушысы және ұлттық спорт төрешісі Нысанов Нұрқат Есенжанұлы.
Ауданымыздың намысын қорғаған спортшыларды шын жүректен құттықтап, Азия чемпионатында сәттілік тілейміз!!