Депутаттық фракция отырысы өтті

Депутаттық фракция отырысы өтті
«Nur Otan» партиясы Қаратөбе аудандық филиалының депутаттық фракциясының кезекті отырысы өтті.
Қаратөбе ауданында «Nur Otan» партиясы аудандық филиалының төрағасы, аудан әкімі Жанат Асантаевтың төрағалығымен аудандық мәслихаттағы депутаттық фракциясының отырысы өткізілді.
Депутаттық фракция отырысында бекітілген күн тәртібіне сай, алдымен «Nur Otan» партиясы Қаратөбе ауданы бойынша сайлауалды бағдарламасын іске асыру бойынша іс-шаралар жоспары, яғни Жол картасын талқылап, Саяси Кеңес бюросына жолдау мәселесі қаралды. Сайлауалды бағдарламаны түгелдей қамтыған Жол картасы бойынша алдағы 5 жылға жоспарланған 67 шара бойынша әр салаға жауапты депуттаттар бекітіліп, оларға атқарылған жұмыстары бойынша есеп беріп отыруға міндеттелді.
Күн тәртібіндегі екінші мәселе бойынша депутаттық фракцияның 2021 жылға жұмыс жоспары талқыланып, депуттардың келісімімен бекітілді.
Ерболат РАЙСОВ
Ирина КЛАССЕН,
аудандық мәслихат деутаты,
«Қазақтелеком» АҚ аға электромеханигі :
– Бүгін аудандық мәслихаттағы ауданымыздың алдағы 5 жылға арналған «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасын жүзеге асыруды қамтамасыз ететін іс-шара жоспарын талқылап, онда атқарылар жұмыстардың мерзімінде жүзеге асырылуына жауаптылықты бөлістік. Жол картасы бойынша аудан тұрғындарының өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған сала-сала бойынша көптеген жұмыстар атқарылмақ. Осы жұмыстардың басы-қасында болып, өзімізге бекітілген бағыттар бойынша жұмыстанып, ауылдастарымыздың сенімін ақтаймыз деп сенемін. «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» демекші осы бір жауапты міндетті атқаруда бізге берілген барлық өкілеттілікті пайдаланып, әріптестеріммен, тиісті құзырлы органдармен бірлесіп, жұмыстанатын боламыз.
Дулат ҚОЛАМАНОВ,
аудандық мәслихат депутаты,
БЖСМ директоры:
– Бүгінгі "Nur Otan" партиясының депутаттық фракциясының отырысында қаралған партияның сайлауалды бағдарламасын жүзеге асыруға арналған Жол картасының ауданымыздың алдағы 5 жылдағы әлеуметтік-экономикалық дамуы үшін маңызы ерекше. Бізге осы іс-шараны жүзеге асыруда үлкен жауапкершілік жүктеліп отыр. Сондықтан да біз өзімізге берілген құзыреттілік шеңберінде жұмыстанып, ауданымыздың дамуына атсалысатын боламыз.