Күзгі-қысқы кезеңге дайындық паспортын алу ережелеріне енгізілген өзгерістер туралы

Күзгі-қысқы кезеңге дайындық паспортын алу ережелеріне енгізілген өзгерістер туралы

Жыл сайын, жылу беру маусымы басталғанға дейін өңірлік энергетикалық компаниялар күзгі-қысқы кезеңге әзірлік паспортын алады, әзірлік паспорты – энергия өндіруші және энергия беруші ұйымдардың күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа әзірлігін растайтын, жыл сайын берілетін құжат.

Күзгі-қысқы кезеңге дайындық паспортын беру - бұл Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Атомдық-энергетикалық қадағалау және бақылау комитеті және оның аумақтық бөлімшелері ұсынатын мемлекеттік қызмет.

Мемлекеттік қызмет ақысыз көрсетіледі.

       «Энергия өндіруші, энергия беруші ұйымдардың күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа әзірлік паспортын алу» мемлекеттік қызметін көрсету тәртібі, 30.12.2020 ж. өзгерістер енгізілген , Энергия өндіруші, энергия беруші ұйымдардың күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа әзірлік паспортын алу қағидасымен  айқындалады.

Осыған сәйкес, жыл сайын Қызмет алушылар дайындық актісін жасап, 1(бірінші) тамыздан бастап көрсетілетін қызметті алушының комиссиясы (бұдан әрі – Қызмет алушының Комиссиясы) күзгі-қысқы кезеңге жұмысқа дайындығын бағалау бойынша жұмысты бастайды.

 Көрсетілетін қызметті алушының комиссия құрамына Көрсетілетін қызметті алушының жауапты лауазымды адамдары, Жергілікті атқарушы органның және мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау жөнiндегi мемлекеттiк органның немесе оның аумақтық бөлімшелерінің өкілдері Заңмен белгіленген құзыреті бойынша кіреді.

      Комиссия жұмысына ашықтықты және әділдікті қамтамасыз ету үшін Әзірлік актісін дайындау үшін дауыс беру құқығы жоқ бақылаушылар шақырылады. Бақылаушылар ретінде қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдар), коммерциялық ұйымдардың, саяси партиялардың өкілдері комиссияның отырысына қатыса алады.

Жұмыс қорытындысы бойынша Көрсетілетін қызметті алушының комиссиясы Әзірлік актісін ресімдейді және оған барлық мүшелері қол қояды.

Мемлекеттік қызмет электронды, энергия өндіруші және энергия беруші ұйымдардан (бұдан әрі - Қызмет алушы) құжаттар қабылданады, дайындық паспортын алу үшін жыл сайын 15(он бесінші)  тамыз бен 30(отызыншы)  қыркүйек аралығында «электрондық үкіметтің» www.egov.kz веб-порталы арқылы жүзеге асырылады.

Көрсетілетін қызметті алушы жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:

      1) осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша энергия өндіруші, энергия беруші ұйымдардың күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа Әзірлік паспортын алуға өтініші;

      2) осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша энергия өндіруші, энергия беруші ұйымдардың күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа әзірлік актісі (бұдан әрі – Әзірлік актісі);

      3) осы Қағидалардың 8-қосымшасына сәйкес энергия өндіруші, энергия беруші ұйымдардың күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа Әзірлік паспортын алу үшін шарттардың орындалуын растайтын құжаттар тізімі;

      4) станциялардың, электр және жылу желілерінің негізгі және қосалқы жабдығының техникалық жай-күйі, сондай-ақ тұтынушыларға жылу және электр энергиясын беруді қамтамасыз етуге ұйымдардың алдағы күзгі-қысқы кезеңге әзірлігі туралы энергетикалық сараптаманы жүзеге асыратын сарапшы ұйымның қорытындысы.

Қарау қорытындылары бойынша Көрсетілетін қызметті беруші комиссиясы мынадай негізделген шешімдердің бірін қабылдайды:

      1) Әзірлік паспорты берілсін;

      2) Әзірлік паспорты ескертулермен берілсін;

      3) Әзірлік паспорты берілмесін.

Жаңа өзгерістерге сәйкес мемлекеттік қызметтерді көрсету мерзімі 15 жұмыс күнін құрайды.

Қызмет алушыларға дайындық паспортын алу мерзімі жыл сайын 19 қазанға дейін (он тоғызыншы) қоса алғанда.

Дайындық паспортын алу мерзімі бұзылған жағдайда, энергетикалық компания ҚР ӘҚБтК-нің 300-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылады: шағын кәсіпкерлік субъектілері үшін айыппұл 50 АЕК құрайды, орташа кәсіпкерлік субъектілері үшін - 150 АЕК, ірі кәсіпкерлік субъектілері үшін - 300 АЕК.

Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін, бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет - шағын кәсіпкерлік субъектілеріне - 100, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - 200, кәсіпкерлік субъектілері - 500 АЕК мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

 

 

 

 

 

«Қазақстан Республикасы

 Энергетика министрлігі

 Атомдық және энергетикалық қадағалау

және бақылау комитетінің

Батыс Қазақстан облысы бойынша

 аумақтық департаменті»ММ –нің бас маманы                               А.Б.Гусманова