АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТТЫҢ VII-ШАҚЫРЫЛЫМЫНЫҢ АЛҒАШҚЫ СЕССИЯСЫ ӨТТІ

АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТТЫҢ VII-ШАҚЫРЫЛЫМЫНЫҢ АЛҒАШҚЫ СЕССИЯСЫ ӨТТІ

15 қаңтарда Қаратөбе аудандық мәслихатының VII-шақырылым депутаттарына куәлік табысталды.

Алғашқы сессия төрағасы болып Айгүл Айтқалиева сайланып, жиынды жүргізді. Аудандық мәслихаттың хатшылығына Қадыржан Сүйеуғалиев кандидатурасы ұсынылып, депутаттар тарапынан бірауыздан қолдау тапты.
Аудан әкімі Жанат Асантаев жаңа шақырылым депутаттарын құттықтап, жұмысына сәттілік тіледі. VI-шақырылым құрамына да алғысын жеткізіп, келешекте ауданның өсіп-өркендеуіне ұтымды ұсыныстары мен келелі кеңестерін тыңдап, бірге жұмыс жасауға дайын екенін атап өтті.