Қаратөбеліктер сайлауға белсенді қатысуда

Қаратөбеліктер сайлауға белсенді қатысуда
Еліміз бойынша ҚР Парламенті және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының сайлауы өтіп жатыр. Қаратөбе ауданының орталығында №277, №278 сайлау учаскелері таңғы 7.00-ден бастап сайлаушылар үшін есігін айқара ашты.
Аудандық сайлау комиссиясының мәліметі бойынша ауданда 19 сайлау учаскесі бар. Аталған учаскелерден 9227 сайлаушы дауыс бермек.
Ауа райының күрт өзгеріп, күннің көктайғақ болуына байланысты аудандық аумақтық сайлау комиссиясының бастамасымен аудан орталығындағы сайлау учаскелеріне 60 жастан асқан тұрғындардың қатынауы үшін немесе өтініш қабылдауға тегін көлік ұйымдастырылуда. Сондай-ақ ауа райының қолайсыздығына байланысты аудан орталығындағы сайлау учаскелеріне автобуспен қатынау ұйымдастырылды.
Барлық санитарлық талаптар сақтала отырып басталған аудан орталығындағы №278 сайлау учаскесінде мемлекеттік әнұран орындалып, алғашқы сайлаушылар дауыс бере бастады.
Сайлаудың әділ өтуі үшін партиялық және тәуелсіз бақаушылар дауыс беру процесін бақылауда.
Қаратөбе аудандық аумақтық сайлау комиссиясының ақпаратына сүйенсек барлық сайлау учаскелері бойынша түскі сағат 12.00- де 4323 сайлаушы дауыс беріп, өз таңдауларын жасап үлгерген.