Солардың бірі қазіргі таңда Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының ІІ курс студенті, бірнеше республикалық, облыстық ақындар айтысының және байқаулардың жеңімпазы Райымбек Өтепов пен Қаратөбе аудандық мәдени – демалыс орталығы жанындағы «Бұлбұл» вокал үйірмесінің белді мүшесі, аудандық, облыстық «Балдәурен» балалар шығармашылық байқауының жеңімпазы, бойындағы әншілік қасиетімен елімізге танымал болған жас өнерпаз Айзат Айдосұлы.
Айзат әуезді әнімен әлеуметтік желі арқылы қалың көпшілікке танылып, халықтың зор алғысына бөленіп, «Астарлы ақиқат» бағдарламасының «Таныссыз танылғандар – 7» айдарының қадірлі қонағы болды.
Өз кезегінде аудан әкімі жас таланттарға алдағы уақытта болашақтарынан зор үміт күтетінін жеткізе отырып, шығармашылықтарына сәттілік тіледі.