«Ашық әкімдікті» кіріспе сөзбен ашқан аудан әкімі Жанат Асантаев қабылдауға келген азаматтардың өтініштеріне сай жауап алалатындығын, жалпы оның тұрғындар үшін тиімділігін айтып, «ашық әкімдік» жұмысына сәттілік тіледі.
Аталмыш орынның ашылуына ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Нұрдәулет Сәмет, ҚР мемлекеттік қызмет істері агентігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары Аманқос Жұбаныш қатысып, ашық әкімдік жұмысымен танысты. Қабылдау бөлмесінде азаматтардың өз-өзіне қызмет көрсету бұрышы орналасқан және жеке қабылдау бөлмесі бар.
Облыстан келген өкілдер заманауи құрылғылармен жабдықталған кең де жарық, сайлы бөлмеге орналасқан «Ашық әкімдіктің» қызмет көрсетуге жоғары дәрежедегі дайындығына ризашылығын білдірді.
– «Ашық әкімдікте» аудандағы бес сала аудандық сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі, мәдениет, тілдерді дамыту, денешынықтыру және спорт бөлімі, тұрғын үй- коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлгі және автомобиль жолдары бөлімі, кәсіпкерлік және ауылшарашылығы бөлімі, жер қатынастары бөлімі бойынша қабылдау үстелдері тұрғындарға қызмет көрсетеді. Жасыратыны жоқ қазір бұл қызметті атқаратын мамандар аздық етуде, алдағы уақытта қызмет аясын кеңейтеміз, -деді аудан басшысы Жанат Асылханұлы.
Аудандағы аталмыш салалар бойынша «Ашық әкімдікте» қызмет көрсететін мамандар тұрғындарды қабылдай бастады.