
Жастар күніне орай аудан әкімі Қ.Сүйеуғалиев аудан жастарының басын қосқан ашық аспан астындағы еркін форматтағы кездесуге қатысты.
Кездесу барысында жастармен ашық пікір алмасып, олардың ұсыныс-пікірлері тыңдалды. Сонымен қатар, жастарды толғандыратын өзекті мәселелер мен ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты бірқатар мәселелер талқыланды.
Кездесуде аудан әкімі жастардың бастамаларына қолдау білдіріп, белсенді болуға шақырды.