
Бүгін аудан әкімі Қадыржан Сүйеуғалиев аудан активі алдында аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Берік Базарұлының 63 жасқа, аудандық сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімінің басшысы Сания Шайжанқызының 60 жасқа толуына орай мерейлі жас иелерін мерейтойларымен құттықтады.
Кездесу барысында аудан басшысы мерейтой иелерінің ұзақ жылдар бойғы абыройлы еңбектерін, ел игілігі жолындағы қажырлы қызметтері мен жоғары кәсібиліктерін ерекше атап өтті. Сондай-ақ, мерейлі жас иелерінің жұмыстағы жауапкершілігі, іскерлігі және азаматтық ұстанымы арқылы ауданның экономикалық дамуына елеулі үлес қосып келе жатқандықтарын жеткізді.
Мерейлі жас иелерінің ауданның дамуына бағытталған жұмыстарға белсенді атсалысып жүрген еңбектеріне жоғары бағасын берген Қадыржан Орынбасарұлы қуаныш иелеріне зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасы амандығы мен бақ-береке тілеп, Берік Базарұлы мен Сания Шайжанқызына алғыс хат табыстап, иықтарына шапан мен камзол жапты.
Өз кезегінде мерейлі жас иелері көрсетілген құрмет пен жылы лебіз үшін аудан әкіміне, барша әріптестеріне алғыстарын айтты.